Президент пәрмені: Алматы қаласында  биыл қосымша 3 мыңнан астам  бейнекамера орнатылады

2461
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Ерболат Досаев Президент тапсырмасына сәйкес, биыл қалада қосымша 3050 бейнекамера орнатылатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала тұрғыны «Елисей алаңы» тұрғын үй кешені бейнебақылау жүйелерін орнату бағдарламасына енгенін, алайда, тиісті 35 камераның орнына тек 2 бейнекамера бөлінгенін айтып, мәселені шешуді сұрады.

Ерболат Досаев «Елисей алаңы» тұрғын үй кешені қауіпсіздігі осал жер емес екенін айтты.

«Бізде тіпті жарығы жоқ көшелер бар. Бұл мәселені 2023 жылға дейін шешуді ниет етіп отырмыз. Бейнекамера бойынша кезең-кезеңімен алға жылжимыз. Наурызбай ауданы бойынша бейнекамераларды полиция департаменті қажет деген жерге ең бірінші кезекте орнатамыз. Жалпы, Президент тапсырмасына сәйкес, биыл Алматыда қосымша 3050 бейнекамерасын орнатамыз. Келесі жылы олардың санын ұлғайтпақпыз. Ол үшін бейнемониторинг жүйелерін сатып алуға қосымша қаражат қарастырылады»,- деді Ерболат Досаев.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер