"Қуанышымда шек жоқ": 17 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

3253
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық 17 жастағы Аружан Сағандықова Түркияның Анталия қаласында ITF World Tennis Tour W15 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Team Kazakhstan академиясының түлегі Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жұптық сында үздік шықты. Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейліктер, апалы-сіңлілі Анастасия мен Рада Золотареваларды тартысты бәсекеде тізе бүктірді – 7:5, 3:6, 10:4.

Аружан жекелей сында да тым-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.

«Қуанышымда шек жоқ, өйткені ересектер арасындағы ITF жарысында алғашқы титулыма қол жеткіздім. Сондықтан, бүгін мен үшін ерекше күн болды. Маған сенім артып, қолдаған Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясына, бапкерім Руслан Мухамедзяновқа алғысымды айтамын», - деді марапаттаудан соң Аружан Сағандықова.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер