Ақтауда өткен Халықаралық жарысқа 400-ге жуық спортшы қатысты

2345
Adyrna.kz Telegram

КСРО спорт шебері Баламұрат Сұлтанбайұлы Ақшабаевты еске алуға арналған ХІІІ Халықаралық турнир өтті. Жарыста еліміздің 10 өңірі мен Әзірбайжан елінен келген 400-ге жуық спортшы бақ сынады. 

Дзюдодон  2006-2007 және 2008-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен аталмыш додаға "Жас Батыр" спорт мектебінен  50 дзюдшы  қатысты.

15-16 жастағы  ұлдар мен қыздар  арасындағы бәсекеде "Жас Батыр" мектебінің дзюдошылары 8 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Ал, 12-14 жастағы спортшылар арасында ұлдар 9 салмақ,  қыздар 7 салмақ дәрежесінде нәтижелі орындардан көрінді.

"Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны артып келе жатыр. Дзюдоға қызығатын балалар өте көп.  Негізгі мақсатымыз бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы жарысқа қатысқан дзюдошыларымыз әлі талай жетістікке жетіп, Олимпиада чемпионы атанып, көк туымызды көкте желбірететініне сенеміз", - дейді  "Жас Батыр"спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер