Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді

2340
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы №4 қалалық перзентханасында салмағы 5 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Анасы қызын Дарья деп атады. Айтуынша, ол — отбасындағы төртінші бала.

Мамандар ультра-дыбыстық зерттеу кезінде сәбидің салмағы 4600-4800 болады деп болжанғанын атап өтті. Сол себепті дәрігерлер Дарьяны кесарь тілігі арқылы босандырып алуы керек еді.

«Ультрадыбыстық зерттеу кезінде іштегі нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған. Кенет толғақ қысып, қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да табиғи жолмен дүниеге қыз бала келді», – дейді акушер-гинеколог Айнұр Иманқұлова.

Пікірлер