Түркістанда өзгенің мүлкін сатып жіберген ер адам ұсталды

2495
Adyrna.kz Telegram
Түркістан полициясына жергілікті тұрғын шағым түсірді. Оның хабарлауынша, танысы құрылыс жұмыстарына арналған темір қалыптар мен қазықтарын жалға алып, кейін сатып жіберген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Алаяқтық құрбаны болғанын жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Жәбірленушіге келген шығын – 1 миллион теңге, деп жазды, Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Түркістан ҚПБ полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды.

Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам құрылыс жұмыстарын жүргіземін деп танысының 25 темір қалыпы мен 64 қазығын алған.

Алайда күдікті темірлерді өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, темір қабылдау орнына өткізіп жібергені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер