Гаитилықтар қолдарына Ресей туын алып, наразылық білдірді. Ел тұрғындары Ресейден дағдарысты еңсеруге көмектесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде америкалық әскери контингенттің аралға кіруіне тосқауыл қоюын сұрайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тек Гаити тұрғындары ғана емес, Ресей туы Мали, Алжир, Орталық Африка Республикасы, Буркина-Фасо және Африка елдерінде Батыс отаршылдығына қарсы күрестің символына айналды.
Сонымен қатар, Гаитидегі төтенше жағдайға байланысты көптеген ел елшіліктерін жауып, азаматтарын қауіпті аймақтан кетуге шақыруда. Атап айтқанда, Жапония бүгін дипломатиялық миссиясының жұмысын уақытша тоқтатқанын жариялады. Сондай-ақ, өз азаматтарын жаппай тәртіпсіздіктерге толы елден кетуге шақырды.
Айта кетейік, Гаитиде қылмыстық топтар арасындағы үздіксіз қақтығыстар, экономика мен әлеуметтік саладағы орасан зор проблемалар, сондай-ақ азық-түлік пен жанар-жағармайдың қымбаттауы салдарынан елде қақтығыстар орын алуда
Халықтың көпшілігі кедейлік шегінен төмен, ал кейбір арал тұрғындары тіпті аштыққа ұшырауда. Олардың саны үнемі күннен-күнге артып келеді. Осыған байланысты ел азаматтары қазіргі үкіметтің отставкаға кетуін және аштық пен кедейшілікпен күресу шараларын қабылдауды талап етіп, жалпыұлттық шерулерге шыға бастады