Күдік тудырмау үшін хиджаб киген қыз ұрлық үстінде ұсталды

3336
Adyrna.kz Telegram

Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған қызды Қарағандыда ұстады. Жас қыз Қазақстан аумағында бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады. Тамыз айында елорда базарының аумағында болған кезде сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық алдында ол жеке қажеттіліктері үшін несие алған.

Күдікті айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұры қамауға алынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер