"Қорыққаннан кетіп қалды": Путин мобилизациядан қашқан ресейліктер жайлы не деді?

10538
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ресейде ішінара мобилизация басталғалы елден қашып кеткен ресейліктер туралы пікірін білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның айтуынша бұл жағдайға эмоциямен емес, заң тұрғысынан баға беруіміз керек.

"Әрбір нақты жағдайда белгілі бір тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беру керек. Біреу бір нәрседен қорыққаннан кетіп қалды, енді бірі мобилизациялан жалтарғысы келді, басқа біреу белгілі бір себептермен кетті. Әрбір нақты жағдайға құқықтық баға беріп, тек осы негізде ғана әрекет етуіміз керек. Басқаша әрекет ету мүмкін емес", - деді Путин.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер