Тәжікстанда әскери оқу-жаттығу басталды

1021
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерінің (ЖӘҰК) бөлімшелерімен «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бірінші кезеңде таулы жерлерде заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бірлескен операциясын дайындау жүзеге асырылуда. Екінші кезеңде бөлімшелерді басқару, жауынгерлік топтарды бұғаттау және жою мәселелері пысықталып, мемлекеттік шекарадағы жағдайды қалпына келтіру мақсатында жауынгерлік және арнайы іс-қимылдар жүргізілетін болады”, –  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстаннан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшесі жұмылдырылды. Жаттығудың шешуші кезеңі «Харбмайдон» полигонында 20-21 қазан аралығында өтеді.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket