Тайжан Қалмағанбетұлы. Ұлытау

4307
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/mfwhtxcva0g-960x500.jpg?token=a07999c51c8885f1680b19427b56610f

Ауылым – Ұлытаудың даласында, Сау қайың, қызыл арша арасында. Күй бар ма, өлең бар ма осы тауда Естілмей жүрген қазақ баласына.

Қолыма ұстағаным – гармонь-сырнай, Келемін құтты өлкені талмай жырлай. Сағымдай жазғытұрғы жылт-жылт еткен Дүние өте шығар бір күн тұрмай.

Айыртау – Ұлытаудың құрамасы, Секілді қатар тіккен үй арасы. Көлде – құс, өрде – киік, сайда – тоты, Өзіңсің, туған жерім, жыр-анасы! 

Тайжан ҚАЛМАҒАНБЕТҰЛЫ 1878

Баба тауым – Бақ тауым. Өлеңдер.

Құраст.: Т. Бүкіров, Қ. Құрмансейіт.

Комментарии