Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

2318

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері енеді.

Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы 29 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1994 жылы қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады. Ағымдағы жылдың тамыз айында шенеунік премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған еді.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket