TikTok Астанада өкілдігін ашады

2759
Adyrna.kz Telegram

TikTok желісі Астанада өкілдігін ашады. Бұл туралы TikTok-тың  Еуропадағы мемлекеттік саясат жөніндегі вице-президенті Тео Бертрам мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Компания өкілі «Хабар 24» телеарнасындағы President бағдарламасының авторына қазақстандық блогерлер мен контент жасаушылардың креативті екенін айтты. TikTok оларды платформамен қамтамасыз ете алады, ел аумағынан тыс аудиторияға да шығуға көмектеседі.

Бұған дейін Тео Бертрам Астанада өткен Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысқан болатын. Онда ол Қазақстандағы цифрлық экономиканың өсуі – ел болашағы дегендей оймен бөлісті.

”Менің ойымша, Қазақстанның болашағы маңызды тақырып. Елдегі цифрлық экономиканы дамыту мүмкіндігі туралы шынымен де шабыттандыратын және әсерлі пікірталастар болды”, – деді Тео Бертрам Akorda.Live бағдарламасының жүргізушісіне.

Вице-президенттің айтуынша, ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен TikTok контент жасаушыларға платформаны қалай ұсына алатыны туралы әңгімелескен. Бертрам ел үкіметіің шынымен цифрлық болашақты қалай оңтайлы құруға бағытталғанын түсінгендігін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер