Астанадағы Талдыкөлде екі баланың суда жүзген аққуларға бірнеше рет тас лақтырған сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл оқиға көпшіліктің ашу-ызасын тудырып, балалардың әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Желі қолданушылары балалардың мұндай әрекетін жануарларға қатыгездік деп бағалап, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты. Көпшілік бұл жағдайды балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелердің көрінісі ретінде қабылдады.
Астана қаласының полиция департаменті аталған бейнежазбаны тексеріп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауға уәде берді.
Айта кетейік, бұған дейін де Талдыкөлде аққулардың мұз құрсауында қалып қойғаны туралы жағдайлар тіркелген болатын.