Үй алмақшы едік, "Бақытты отбасы" бағдарламасының тізімінен алып тастады - Гүлнұр Бажакова

3143
Adyrna.kz Telegram

Редакциямызға Өскемен қаласының тұрғыны Гүлнұр Бажаковадан хат келіп түсті. Оқырман өз хатында "Отбасы" банкінің "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысып, алайда тізімнен шығып қалғаны жайлы жазады. Хат иесі небәрі үш күн қалғанда депозитпен үй алуға үміткерлер санатынан шығып қалған,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Осы жылдың 20 шілдесінде Отбасы банкінің "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталған еді. Біз бұл сәтті көптен күттік. Үй аламыз деп үміттендік. Бірақ 28 қыркүйек күні барлық салымшыларға хат келді. Сайттары жұмыс істемеді. Өтініш беретін кезде де сайт істен шығып, өтінішімізді соңынан әрең жүктеп үлгерген едік. Кейін өтінім қабылдау мерзімі 19 тамызға дейін ұзартылды. Біз шешімін күтіп жүрдік. Кейін бакнке хабарлассам, тізімнен бізді, яғни "толық емес отбасыларды" шығарып тастағанын айтты. Бірақ "Неліктен?" деген сұрағыма толыққанды жауап ала алмадым.  Мені қазір "Неге бағдарламаның талаптары шынайы емес?" деген сауал толғандырады. Біз бірнеше ай бойы тізімнен себепсіз шығып қалғанымызды есту үшін бағдарламаның шешімін күттік пе? Мұның барлығы 3 күннің ішінде шешілгені де қызық. Әділеттік қайда? Өзім 8 жыл пәтер жалдап, кезек күтуден шаршадым. О баста бізді бұдан хабардар еткен болса, банктегі депозитімізді ашпас едік. Оны басқа бағдарлама үшін қолданар едік. Біз ешкімнен тегін тұрғын үй сұрамаймыз, барлығының заң негізінде жүзеге асқанын қалаймыз. Тіпті, банктің жұмысында тәртіп жоқ. Бұл менің ғана емес, мен секілді Қазақстандағы барлық аналардың жанайқайы деп ойлаймын. Аяқталуына 3 күн қалғанда бағдарлама шарттарын өзгертіп жіберу біздің елге ғана тән. Мұндайды басқа қай жерден көрдіңіз?" - деп жазады оқырман.

Сонымен қатар, оқырман осы бағдарламадан шығып қалған ата-аналардың атынан қойылатын талабын жеткізді.

"Біздің талабымыз:
1."Бақытты отбасы" бағдарламасына толық емес отбасы категориясын қайта қоссын.
2.Бірінші нарықтан емес, екінші нарықтағы пәтерлер берілсін.
3. Бірінші нарықтан берілген квартираның шаршы метрі 200мыңнан асырмауын сұраймыз" - деді автор.

 

Пікірлер