"Шудағы атыс": күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

1658
Adyrna.kz Telegram

Шудағы атысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды. Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысқандардың барлығы анықталды.Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатовтың хабарлауынша, кеше кешке Шу ауданының орталық ауруханасына 23, 25, 26 жастағы төрт жігіт жеткізілген. Төртеуі де оқ тиіп, жараланған.

"Аталған дерек бойынша ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның екі белсенді қатысушысы – 22 және 27 жастағы Шу қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ",- делінген хабарламада.

 

Пікірлер