"Ешкімге сатылмайтын күйеуімді қолдаймын": Пугачева өзін "шетел агенті" тізіміне қосуды сұрады

3594
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік әнші Алла Пугачева РФ Әділет министрлігінен өзін "шетел агенті" тізіміне қосуды сұрады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Әнші өзінің инстаграм парақшасында Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы өз пікірін ашық жариялап, соғысқа қарсы шыққан күйеуі Максим Галкинді қолдады.

"Сізден мені сүйікті елімнің шетелдік агенттерінің қатарына қосуыңызды сұраймын. Өйткені мен адал, парасатты, шыншыл күйеуімді қолдаймын. Ресейдің нағыз, ешкімге сатылмайтын патриоты, Отанымыздың гүлденуін, бейбіт өмір мен сөз бостандығын және азаматтарымыздың өмірін қиындататын иллюзиялық мақсаттар үшін жігіттеріміздің өлімін тоқтатуды тілейтін күйеуіммен біргемін",- деп жазды Пугачева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алла Пугачеваның күйеуі Максим Галкин "шетел агенттері" тізіміне енгізілген болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер