Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбек ауылының тұрғыны баласының өліміне кінәлінінің жазалануын өтініп, Тоқаевтан көмек сұрап, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Көмек сұраған ананың айтуынша, баласын өлтірген адам жазадан құтылып отыр.
“Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Осы өтінішімді әділдік орнасын деген үмітпен жолдап отырмын. 2020 жылы 28 қарашаға қараған түні жоғары соттың үкімімен босанып шыққан Придасов Евгений Владимирович менің балам Тамабаев Ғаниды бірнеше жерден пышақтап өлтірді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде Придасов Евгений жазаланбасын деген үкіммен адвокат Каваленконың амалы таусылмады… Кінәлінің анасы менің баламды ішкіш, нашақор деп жала жапты. Бірақ балам Ғани мен Евгений екеуі жақсы араласты, екеуінің арасында араздық болған жоқ. Артында 4 баласы қалды, біздің қорғаушымыз еді… Құрметті президент! Әкесі екеуміз қамқор ұлымыздан айырылдық! Біз жоғары соттың отырысына қатысқан жоқпыз. Себебі, ауылымызда интернет жоқ. Бізге осы уақытқа дейін жоғары соттан қаулы келген де жоқ. 28 сәуірде жіберген хатын 20 мамырда алдық. Адвокатымыз соңында кіріп үлгерді. Сонда да сот шешімі Евгенийді босатуға жіберген” , - деп видеоүндеу жолдады ана.
Сондай-ақ, қайғы жұтқан ана сот орыс тілінде болғанын және сол тілде ойын жеткізе алмағандықтан әділетсіздік көріп отырғанын айтты.
“Адырна” ұлттық порталы