13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол Пашинянның импичмент рәсімін бастауды талап ететін акция өтті. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен оппозиция өкілдері ұлттық жиналыс ғимаратының кіреберісін жауып тастады. Бұл туралы "Sputnik Армения" жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Акцияға 44 күндік соғыста қаза тапқан сарбаздардың туыстары, сондай-ақ бірқатар оппозициялық топтардың өкілдері қатысқан. Ереуілшілер 14 қыркүйек сағат 8:00-ден бастап парламентке кіретін жолдарды тосқауылдайтынын мәлімдеді. Кейбірі ұлттық жиналыс ғимаратының алдында түнеген.
Еске салайық, 13 қыркүйек күні Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Армян позицияларын әртүрлі бағытта – Сотк, Варденис, Горис, Капан, Артаниш және Ишханасарда қарқынды түрде атуды бастады. Премьер-министр Никол Пашинянның айтуынша, шекарадағы атыс салдарынан Арменияның шығыны 49 адам қаза тапты, бірақ жаба шегушілер одан да көп болуы мүмкін.
Әзірбайжан билігі бұл мәлімдемені жоққа шығаруда.
Армения үкіметі Ресейге, ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Әзірбайжан агрессиясына байланысты жүгінді.
”Адырна” ұлттық порталы