Қазақстанның 200 ауылында аурухана жоқ

1854
Adyrna.kz Telegram
Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде аурухана тапшылығы бар екен мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Еліміздің бас дәрігерінің сөзіне сүйенсек,  республика көлемінде денсаулық сақтау саласында бірқатар түйіткілді  мәселелер бар.

Ажар Ғинияттың айтуынша, елді мекендерде 67 мыңнан астам медициналық қызметкер қызмет атқарады, оның ішінде 13 мыңнан астам дәрігерлер, 54 мың орта медицина қызметкерлері бар болғанымен, 200-ден астам ауылдық жерде медицина нысандары жоқ. Сонымен қатар, ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының медициналық инфрақұрылымының 50%-дан астамының тозығы жеткен.

Өз кезегінде ведомство басышысы  ауылдық жерлерде медицина мекемелерінің неліктен жабылып қалғанына түсініктеме беріп өтті.

Денсаулық сақтау саласын реформалау жылдарында ауылдарда  ауруханалар жабылып, кереуеттер қысқарды. Соған байланысты  ауылдарда  медицина мамандарының саны азая бастады. Бүгінде ауылда  кадр тапшылығы сақталуда. Биыл жыл басында ол шамамен 1 мың маманды құрады. Оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекте – 727 бірлік, стационарда – 320 бірлікке тең. Сондай-ақ ауылдық жерлерде профилактика, аурудың алдын алу, динамикалық бақылау сапасы төмен, созылмалы аурулары бар пациенттерге консультациялық-диагностикалық қызметтер, дәрі-дәрмек қолжетімділігі аз. Бұл өз кезегінде халық денсаулығының кейбір көрсеткіштеріне теріс әсер етеді, - деді министр. 

 

Пікірлер