Алматы облысында жүкті әйел патрульдік көлікте босанды

3553
Adyrna.kz Telegram

Қарасай аудандық ПБ ППР қызметкері толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 7 қыркүйекке қарған түні  Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16 шақырымында орын алған.

«Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Дәрігерлер,  полиция қызметкері жедел көмек бергенінің арқасында қайғылы жайттың алдын алды дейді.  Өз кезегінде шақалақтың ата-анасы да алғыстарын білдірді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер