LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет — Көлгінов

2271
Adyrna.kz Telegram

Astana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда 20 миллиард теңгенің бірінші траншы бөлінген.

«LRT-ны аяқтау туралы шешім қабылданды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына жыл сайын 4 млрд теңге қажет болады. Жол ақысы да субсидияланады және автобустың жолақысынан сәл жоғары болады»,—деді ол.

Әкімнің айтуынша, бұл жоба жол қозғалысын жеңілдетеді.

Пікірлер