Өскеменде жанармай құю бекетінде бөшке жарылып, бір адам қайтыс болды

1060

Өскеменде жанармай құю бекетінде бөшке жарылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«28 шілде күні Өскемен қаласында Промышленная көшесі бойынша ЖҚС аумағындағы жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде жанусыз ауа қосындысының жарылысы болды. Салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. ШҚО ТЖД құтқарушылары бөшкеден 1980 жылы туған ер адамның денесін алып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол резервуарды тазалаған және оған 2010 жылы туған туысы көмектескен»,— делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket