600 адам іздеп жүр: ШҚО-да үш жасар бала жоғалып кетті

2291
Adyrna.kz Telegram

ШҚО-ның Ұлан ауданында 3 жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Баланы іздестіруге шамамен 600-дей адам жұмылдырылған.

«Бала Таврия ауылындағы үй ауласынан әдеттегідей ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен. Баланың осы уақытқа дейін қайда екені белгісіз. Баланы іздеу жұмыстарына барлығы 621 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылды», - делінген ПД хабарламасында.

" alt="" aria-hidden="true" />AMP

Жоғалған баланы соңғы рет ауыл шетінен көргендер бар.

«Баланың бойы 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде жасыл түсті футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл түсті шорты, қара-көк түсті кроссовка болған. Жоғалған баланың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса «102» жедел арнасына хабарласу қажет», - делінген ПД хабарламасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер