Бейбіт Жукаев теннистен M25 турнирінің финалына шықты

3095
Adyrna.kz Telegram
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Бейбіт Жукаев елордадағы Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша өтіп жатқан M25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, Б.Жукаев жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен сынға түскен. Отандасымыз 2 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші 13 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді. Б.Жукаев енді финалда өзбекстандық Сергей Фоминмен бас жүлдеге таласады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер