Өңірлердің дамуына бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді

751

Биыл өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ:

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді, олар 580 ауылда 1 100 жобаны іске асыруға бағытталған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд теңге бөлінді.

Жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын батыс өңірлерінің (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) кешенді жоспарлары қайта қаралып, кеңейтіліп қабылданды.

Кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket