Алакөлдің жағалауындағы өрт 5 шілдеде 05 сағат 40 минутта сөндірілді. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Өрт шамамен 3000 шаршы метр аумақты шарпып, төрт демалыс базасы зардап шекті. Өрт орнында ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне тарала бастады. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге атсалысқан жергілікті тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөнді. 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды", делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
"Адырна" ұлттық порталы