АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: Өзгелерге тәуелсіздік сұрап, өз еліміздегі «ұйықтап» жатқан «шұбар жыландарды» оятып алмайық!

5733
Adyrna.kz Telegram

Көрші елдегі жағдайға «ұрандап» пікір білдірмес бұрын, өзіміздің мемлекетте де автономия құрып, тәуелсіз республика болуды армандап жүрген ұлттар мен ұлыстар бар екенін ұмытпау керек!

Өзбекстандағы жағдайдың ушыққаны — дұрыс емес, оған біз дипломатиялық бейтараптық көзқарасты ұстануымыз керек! Өзгелерге тәуелсіздік сұрап, өз еліміздегі «ұйықтап» жатқан «шұбар жыландарды» оятып алмайық!

Осы уақытқа дейін Алматының бірнеше ауданына Қытайдан ұлтын ауыстырып көшіп келіп, қоныстанғандар қазір шоғырланып отырғандарын да ұмытпауымыз керек! Оған Мәсімовтың зор үлесі тиді де!

Айтайын дегенім, көрші елге жандарың ашып «атойлап» отырып, өз жерлеріңнен айырылып қалмаңдар! Алпауыт елдер БІЗ сияқты көп ұлтты мемлекеттерді жақсылап зерделеп, жанды жерлеріміздің бірі — ұлтараздық қақтығыс екенін жақсы меңгерген. Кешелі бері жекеме шығып «Айгүл ханым, неге үнсіз отырсыз, көрші елдегі жағдайға неге пікір білдірмейсіз?»,- деп жатқандарға айтарым, ұрандап, көкірек қағып пікір білдіруде абай болыңыздар!

Сақтық керек! Сонда ғана сақтайды! Қай қоғамда да жер мен жесір дауы әрқашан болған және болады да!

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер