Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының күдікке ілінгені расталды

3150
Adyrna.kz Telegram
Фото. ашық дереккөз
Фото. ашық дереккөз

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров «аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген күдікке ілінгені расталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Мұндай ақпарат өткен аптада тараған болатын. Бірақ Бас прокуратура енді ғана растап отыр. Экс-шенеунікке қатысты тергеуді де осы қадағалаушы орган жүрзігізіп жатыр.

Деректерге қарағанда, Мәнізоровқа қатысты базар құрылысы бойынша арыз түскен. Шағымданушы өзіне 6 млн доллар шығын келгенін айтыпты-мыс.

Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат 2019 жылы да шыққан болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны пара алды деп ашық айтқан. Бірақ іс кейін жабылып тынған еді.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер