Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен кетті

2491
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/8173c10c-81ea-459c-aca9-b40d9d6e4cb5.jpeg
Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы. Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады. Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымдарында жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті; ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды. 2021 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии