АЭС Алматы облысының Үлкен ауылы маңына салынатын болды

4461
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында атом электр станциясын салу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Tengrinews.kz“-ке сілтеме жасап.

"Нақты орналасқан жері бойынша емес, орналасу аймағы бойынша ведомствоаралық комиссия жүргіздік. Бұл - Балқаш көлінің аумағы, Алматы облысы Үлкен аулының маңы. Орналастыру аймағын анықтадық. Биыл мен бірнеше рет айтқан нюанстарды зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Олар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан кейін есептеулер басталады. Бірақ есептеулер жүргізу үшін технологияны анықтау қажет. Біз технологияны келесі жылы анықтаймыз", - деді Ақшолақов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр станциясы (АЭС) қайда салынатыны бойынша шешім шығарғанын және ықтимал жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатқанын айтқан еді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер