Болат Тұрлыханов Кубогының 2-күнінде кімдер жеңіске жетті?

5271
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы мәдениет және спорт сарайында күрес түрлерінен Болат Тұрлыханов Кубогы өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың 2-күні грек-рим күресінің шеберлері 72, 77, 82 кг дейінгі салмақта, ал әйелдер 57, 62, 68, 76 кг дейінгі салмақта жүлдеге таласты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Назарларыңызға осы жекпе-жектердің нәтижесін ұсынамыз:

72 кг:

Алтын – Мұхаммед Реза ГЕРАЕИ (ИРАН)

Күміс – Мейіржан ШЕРМАХАМБЕТ (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Махмуд БАХШИЛЛОЕВ (ӨЗБЕКСТАН)

Жуырда ғана Ұлан-Батырда Азия чемпионы атанған Мейіржан Шермахамбет Болат Тұрлыханов Кубогында 72 келіге дейінгі салмақта жанкүйерлерін тағы қуантты. 26 жастағы балуан 2-айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы Мұхаммед Реза Гераеиды ұтты. Екеуі тағы финалда кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарақатына байланысты күресе алған жоқ.

Жалпы екі құрдас балуан осымен 4-рет бозкілемде күш сынасты. Мейіржан осы жекпе-жектің бәрінде ирандық қарсыласынан басым түсті. Алдыңғы 3 кездесу 2018 жылы болған. Мейіржан әуелі Ирандағы Тахти Кубогында, сосын Мажарстандағы Гран-приде және Будапештегі Әлем чемпионатының ширек финалында 9:0 есебімен айласын асырған.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер