Ресей БҰҰ-ның геноцидке қарсы конвенциясының бірнеше бабын бұзған

2468
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Заңгерлер мен сарапшылар Ресей украин халқына геноцид жасауға талпынды деген тұжырым жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

CNN арнасының мәліметінше, Украин халқына жасалған геноцид туралы алғашқы тәуелсіз есепті америкалық New Lines Institute for Strategy and Policy сараптама орталығы және Рауль Валленберг атындағы канадалық адам құқықтары орталығы әзірлеген.

Оны әзірлеуге 30 жетекші заңгер мен сарапшы қатысқан. Олар Ресей БҰҰ-ның геноцидке қарсы конвенциясының бірнеше бабын бұзды деп таныған.

Есеп авторлары бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру, күштеп көшіру, Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларының Украинаға қарсы мәлімдемелерін айғақ ретінде келтірген.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер