ИК тобының мүшесі халықтан кешірім сұрады

2779
Adyrna.kz Telegram

«Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыда концертте болған оқиға үшін халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы ол топтың Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Өз басым баршаларыңыздан, бүкіл казақстандықтардан үлкен-үлкен кешірім сұрағым келеді. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын, меннен кеткен үлкен қателік. Мен үшін бұл сабақ. Екінші қайталанбайды деп уәде беремін. Себебі, біздің концертке келетіндер тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай бүлдіршіндерімен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаларыңыздан үлкен-үлкен кешірім сұраймын. Ешқайсымызда жаман ой, жаман ниет болған емес. Кешіріңіздер!», - деді ол.

Сондай-ақ, Азамат әріптесі Shiza үшін де кешірім сұрады.

«Өзімнің әріптесім, досым, осы концертке арнайы шақырылған Shiza үшін де кешірім сұрағым келеді. Shiza туды біреуге бергісі келгені, естелік болып қалсын дегісі келген еді. Бірақ ішімдіктің кесірінен болған, мойындаймын оны. Кешіріңіздер оны!», - деп кешірім сұрады Азамат.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер