Оралда жүргізуші баланы қағып, кетіп қалған

1969
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24kz
Фото: 24kz

Оралда Гагарина мен Жәнібек көшелерінің қиылысындағы "Үміт" дүкенінің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде белгісіз жүргізуші баланы қағып кетіп, кейін оны мекенжайы бойынша үйіне апарып тастаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.

Облыстық полиция департаменті сағат 17:40-та қала тұрғыны келгенін хабарлады. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде белгісіз жүргізуші оның баласын қағып кеткенін айтты.

"Жүргізуші ақ түсті Toyota көлігін жүргізген. Кәмелетке толмаған баланы соғып, содан кейін жәбірленушіні тұрғылықты жеріне жеткізіп, із-түзсіз жоғалған. БҚО ДПБ-ның бүкіл ұжымы осы көлікті іздеуге жұмылдырылды", - дейді полиция өкілдері.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер