Өзбекстанда полицейлер қазақстандық туристерге қарсы электрошокер қолданған

3246
Adyrna.kz Telegram
Фото: autodoc.ru
Фото: autodoc.ru

Самарқанда шетел туристеріне қарсы заңсыз әрекеттерге барған құқық қорғау қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Өзбекстан ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлтттық порталы.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, 21 мамырға қараған түні Самарқанд қаласында жол қозғалысы қызметінің өкілдері көрші елден келген туристердің мекен-жайын анықтау үшін оларға қарсы электрошокер қолданған.

Дегенмен туристердің нақты қай елден келгені жайлы айтылмады. Жергілікті басылымдардың сөзінше, туристер арасында Қазақстан азаматтары болған. Олардың жанында барлық құжаттары бар екеніне қарамастан, құқық қорғау қызметкерлері туристерді ұстап, тергеуге алған.

ІІМ прокуратурамен бірлесіп, бұл іс бойынша тергеуді бастағанын хабарлады. Тергеу нәтижесінен кейін бұл іске жауапты барлық қызметкерлер мен олардың басшылары қызметінен алынатыны айтылды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер