Харьковтық мысық Степан Каннда жүлде алды. Ол World Influencers and Blogger Awards марапатына ие болды. Бұл марапат әлемдегі ең үздік блогерлерге беріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
Степан әлеуметтік желілерде үстелде отырған немесе «қайғылы коктейль кештерінде» уақыт өткізіп отырған видеоларының арқасында танымал болды. Парақшасынан Степанның күнделікті тіршілігін, саяхаттардан әдемі фотоларын көруге болады.
Харьковтық 13 жастағы мысықты Instagram және TikTok желілерінде 1,5 миллионға жуық адам көреді. Степанның жанкүйерлері арасында Бритни Спирс та бар.
"Баршаңызға рақмет! Мен өте бақыттымын!" – деп жазылған Степанның парақшасында.
Степан атаққа ие болғаннан кейін онымен жарнама берушілер жұмыс істей бастады. Мысалы, Valentino сән үйі құйрықты блогерге сөмке жарнамасына тапсырыс берген.
"Адырна" ұлттық порталы.