Қостанайда инспектор жалғызбасты әйелге үй тауып берді

2597
Adyrna.kz Telegram
Қостанайдағы учаскелік инспектор Оңайбек Оразақов үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелге уақытша баспана тауып беріп, құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Учаскелік полицей тұрғындардың шақыртуымен бір мекенжайға барады. Тұрғындардан «көршілеріміз шулайды» деген хабарлама түскен. Келген бойда Оңайбек Оразақов кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелді көреді.

Әйел балаларды жалғыз тәрбиелеп жатқанын айтқан. Тұратын жер болмағандықтан жалғызбасты ана досына бірге тұруды өтінген.

"Балалы әйелді көргенде қалыс қала алмадым. Баланың үлкені небәрі төрт жаста, кішісі алты айлық. Бірінші кезекте баспана мәселесін шешуді ойладым. Жатақханадан бөлме жалдап, балалы әйелді орналастырдым, – дейді полиция қызметкері.

Сонымен қатар полицей әйелдің отбасына ең қажет азық-түлік өнімдерін алып берген. Полиция қызметкерінен бөлек жанашыр жандар да табылыпты.

"Әйел жәрдемақы алады. Бірақ белгілі себептермен осы айда ақша түспеді. Сондықтан БЖЗҚ-ға жүгініп, құжаттарын рәсімдеуге көмектестім, – дейді қостанайлық полицей Оңайбек Оразақов.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер