Бас мүфтидің сәнді сағаты талқыға түсті

3810
Adyrna.kz Telegram
Фото: arbat.media
Фото: arbat.media

Желіде Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының cәнді сағаты талқыға түсті. Белгілі болғандай, ол сағаттар жинайтын көрінеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлында қол сағаттардың тамаша жинағы бар", –  делінген "Чиновник" Telegram-арнасы.

"Қымбат сағаттарға" келсек, ҚМДБ олардың Бас мүфтиге сыйлық ретінде берілгенін мәлімдеді. ҚМДБ мұндай сыйлықты кім жасағанын нақтыламады, бірақ Наурызбай қажы ешқашан мемлекет ақшасына немесе қоғамдық қайырымдылыққа өзіне қажетті заттар сатып алмаған деп сендірді.

Ал "Arbat.media" сайтының бас редакторы Сырым Итқұлов мешіттер арқылы өтетін садақа, мемлекет көмегінің таза жұмсайтынына күмән келтіреді.

"Жақында еліміздің оңтүстігіндегі ауылдардың тұрғындары садақалары жергілікті имамдардың тоқалдарын асырауға кететінін, ал егер садақа мөлшері өз есептеулері бойынша  аз болса, жергілікті имамдар наразылық білдіретінін жазған. Тек бір ауыл мешіті, тұрғындардың айтуынша, бір айда кем дегенде бірнеше миллион жиналады", – деп жазды Итқұлов.

ҚМДБ-ның есебінше, садақаның қаражаты тек игі мақсаттарға жұмсалады. Айта кету керек, басшылықта нақты сомалар көрсетілмеген. Тізімге сәйкес, көмектер науқас, қолдауға мұқтаж, білім, үй алғысы келгендерге берілген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер