Қостанайда 29 жастағы әйел 9-қабаттан құлап кетті

2502
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қостанайда әйел адам 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "kstnews.kz"-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 10.00 шамасында әйел 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Жасы шамамен 29 жаста. Бұл жазатайым оқиға ма, әлде қылмыс па, әзірге белгісіз. Оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Апат болған жер қоршауға алынды.

Белгілі болғандай, адам өліміне әкелген оқиға Темірбаев, 39 (темір жол вокзалы ауданы) мекенжайында болған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер