Орталық Азия елдері мен Моңғолия елдері өкілдерінің Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияның (ICCC) вице-президенті Рут Дрейфуспен кездесуінде Қазақстанда өлім жазасын алып тастау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, Конституцияға енгізілген өзгертулер аясында Қазақстанда өлім жазасын алып тастау жоспарлануда.
Дрейфус Қазақстандағы мұндай реформаны алға тартып, осыған байланысты құттықтады.
«Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияның вице-президенті Рут Дрейфус Қазақстанды өлім жазасын алып тастаудағы жетістіктерімен құттықтап, мемлекет басшысының реформалар бағдарламасын құптады» деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Өлім жазасын алып тастау – елде «Жаңа Қазақстан» немесе «Екінші Республика» құруға бағытталған алдағы реформалар аясында Президент Тоқаев жариялаған тармақтардың бірі. Өзгерістер саяси және азаматтық салаға әсер етеді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, ел Конституциясына өзгерістер енгізу жоспарланып, өзгерістер негізгі заңның үштен бір бөлігіне әсер етеді деп болжануда.
”Адырна” ұлттық порталия