«Ұлттық» атауын арқалаған оқу орнынының басшылығы білдей бір ұлтты батыстың табанына салып беріп отыр“ - журналист

8053
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

5 мамыр күні Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде рок-фестиваль өтті. Ондағы студенттердің ерсі сахналық рөлі әлеуметтік желіге тарап, көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Мұндай жобалар жастарға ауадай қажетті болғаны ма? Әркімнің өз таңдауы деп қоя салуға болар еді. Бірақ біз мектеп пен ЖОО-на орамал кигізбейтінімізді естен шығармайық. Сонда қайдағы таңдау, зайырлылық дегеніміз осы ма?!”,- деп жариялады белгілі журналист Ерқанат Көпжасар өзінің Instagram парақшасына.

Сонымен қатар, журнаист Арман Құдайберген де парақшасына жариялап, шара қолдану керегін ескертті.

“ Жүрегім ауырып тұр! Дәл мына видео бүгін Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетінде түсірілген. Біз мына жақта «ұлтты қайтсек теріс құндылықтан құтқарамыз» деп түн ұйқымызды төрт бөліп жүргенде, мысықтілеу топтың сыйқы мынау.«Ұлттық» атауын арқалаған оқу орнынының басшылығы білдей бір ұлтты батыстың табанына салып беріп отыр. Алатаудың қақ төрінде қос етек көйлек киген сайқымазақты сахнаға шығарып дәріптеп, өздері соған мәз болып жатқанын қалай түсінуге болады? Байқамай дейін десең, көзі ашық білдей ғалымдар ғой. Сонда әдейі болғаны ма? Онда ұлтқа қиянат жасағандарды неге төрге оздырып отырмыз?!

Ұлтқа жаны ашитын жақсыларды белгілейік. Қоғам талқысына салып, мұндай бассыздықтың енді қайталанбауы үшін бір шара қолданайық!”,- деді ол.

Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер