Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

3270
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды.

Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған. Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. "Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", - деді ол. "Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында өрбіген. Ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, сонымен қатар Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын.


 https://egemen.kz/article/168986-qazaqstandyq-kann-kinofestivalinde-uzdik-aktrisa-atandy

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер