Қазақстан мен Ресей ІІМ арнайы операциясы: 260 келіден астам есірткі тәркіленді

3727
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мен Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелері екі ел аумағында синтетикалық есірткіні пошта арқылы жеткізудің трансұлттық арнасына тосқауыл қою бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, Ішкі істер министрлігі орталық аппараты мен полиция және басқармалардың тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясына негізгі жөнелтуші мен Қазақстандағы оларды алушыны ұстады. Сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту кезінде ірі есірткі зертханалары анықталды.

Ұсталған Омбы тұрғыны пошта арқылы «синтетикалық өнімдер» жасап, Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жөнелткен. Сонымен бірге ол жалған құжаттарды қолданып, түрлі тауарлар – машина майлары, тұрмыстық химия және т.б. жалған ат жазып сәлемдеме жіберіп отырған.

Полиция жалпы сомасы 9,5 миллион доллардан асатын 260 келіден астам дайын есірткіні тәркіледі.

2021 жылдың қазан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер