Австрия Ресейден бас тартты: қазақстандық мұнай Ресей мұнайының орнын басты

1137

Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Австрия билігі ресейлік мұнайдан толығымен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті OMV мұнай компаниясының ақпаратына сілтеп. 

АПА агенттігінің хабарлауынша, бүгінде Австрияға негізгі мұнай жеткізуші Қазақстан болып табылады. Австрияға келетін шикізаттың 38,9 пайызы біздің елге тиесілі. Екінші орында – Ливия (22,1%), үшінші орында – Ирак (20,7%).

Бұрын Ресей 7,8% үлеспен төртінші орында болатын.

Австрия Еуропадағы Ресейден мұнай сатып алуды толығымен тоқтатқан алғашқы елдердің бірі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket