Яссауи мұражайының жобасын жасауға 1 миллиард теңгеден астам қаржы кетті

2648
Adyrna.kz Telegram

Туристерге қызмет көрсету орталығы 2021 жылдың басынан бері «А1» ЖШС-мен бірге  Яссауи мұражайының жобасы үшін үш келісімшарт жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

2020 жылдың 10 желтоқсанында «А1» ЖШС басшысы Гүлмира Байқошқарова «Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи мұражайын» ​​жобалау, техникалық жабдықтау бойынша ішкі құрылыс жұмыстарын ескере отырып, жобалау жобасының тұжырымдамасы» нысанын тіркеді. Сондай-ақ,  құқықтар тізіміне еніп, «Автор» атанды..

Бірнеше айдан кейін Орталық мұражайдың дизайн жобасының тұжырымдамасын жасау үшін «А1» компаниясымен келісімге қол қойды. Оның құны 389 миллион теңгені құрады. Одан кейінгі жобаны орындау бойынша келісімдер «А1» ЖШС-мен дәл осылай жасалды.

Жобаны жүзеге асыруға арналған келісім-шарт 2021 жылдың қыркүйегінде жасалған. Жалпы сомасы 623 млн теңгені құрайды. Бұл сомаға: дыбыс және жарық жүйелерін орнату, атриумдағы субұрқақ, залдардағы бейнеаппаратура, декоративті және әрлеу қызметтері, мультимедиялық қолдау қызметтері кірді.

147 миллион теңгені құрайтын үшінші келісімшарт таяуда, 3 наурыз күні жасалған. Жеткізуші төбені, люстраларды безендіруді, қосымша залды безендіруді, орнатуды және өрт қауіпсіздігін (белгілер мен бағыттарды), гидтер мен музыкалық сүйемелдеу үшін мазмұнды құруды жүзеге асырады.

Музейдің дизайнын құру және жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 1,159 млн теңгеге үш келісім-шарт бәсекелестік ортадан тыс жасалған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер