Ресей көліктері енді Қазақстанда сатылмайды

2716
Adyrna.kz Telegram

Ресей астық дақылдарын, қантты, медициналық және басқа да құрал-жабдықтарды, автокөліктерді, ұшақтарды, дрондарды, ауылшаруашылық техникалары мен электр жабдықтарын экспорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

10 наурыз күні Ресейдің Экономикалық даму және интеграция жөніндегі үкіметтік комиссияның кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сыртқы саудадағы қорғау шаралары жөніндегі кіші комитеті Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады.

«2020 жылы біз құны 762,4 миллион доллар болатын автокөліктер мен олардың бөлшектерін импорттадық. Ол кезде «Азия-Авто» зауыты бізбен белсенді түрде «жұмыс істеді». Қазіргі таңда ол зауыт өз жұмысын тоқтатқан. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Lada Қазақстанда ең көп сатылған (9 358 көлік сатылды) брендтердің бестігіне енді. Біздің ойымызша биыл ресейлік көліктер жаппай сатылмайтын секілді. Ал енді не дейміз, қош бол, ресейлік машина», – деп жазылған @FINANCEkaz Telegram парақшасында.

Сонымен қатар, кедендік ішкі комитет 2022 жылдың 31 тамызына дейін Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын экспорттауға да уақытша тыйым салу шешімін қолдады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер