Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы қызықты деректер

3441
Adyrna.kz Telegram

12 сәуір – халықаралық ғарышкерлер күні. Ал қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров. Today.kz  алты құрлықты артқа тастап, аспанға ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері туралы қызықты мәліметтерді ұсынады.

– Тоқтар Әубәкіров қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей ұрпағы.

– Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы тышқаннан қорқады.

– Ғарыш кемесінен бөлек велосипедпен жүргенді ұнатады.

– Марста өмір сүруге қарсы емес.

– Өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенеді.

– Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы, КСРО-ның жетпіс екінші, Қазақстанның бірінші ғарышкері.

– Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде дүниеге келген. Екеуі де жеке мейрамын 27-шілде күні тойлады.

– Бүгін кәсіби мерекесін тойлап жатқан Тоқтар Әубәкіров ғарышқа екінші рет ұшуды армандайды.

– "Әлемдегі ең қауіпті жануар – адам" деген оймен толықтай келіседі.


http://today.kz

Пікірлер