Анар Мақашева утильалым құнына қатысты пікір білдірді

3206
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева кәдеге жарату алымы мөлшерлемесінің 50 пайызға төмендетілетіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қауымдастық құрамына ресми өндірушілермен қатар көлік құралын импорттаушылар да кіреді.

Өндірушілер үшін ахуал еш өзгермейді. Өйткені, көлік құрамының құнына кәдеге жарату алымы қосылмаған. Өндірушілеріміз де заңнамаға сай кәдеге жарату алымын төлеуге келіседі. Олар да кәдеге жарату алымын төлеушілер саналады. Одан кейін кәдеге жарату алымы қаражатын жинаумен айналысатын оператор дәл сол соманы соңғы тұтынушыға утильалым төлемі қосылмауы үшін қайтарып береді», - деп атап өтеді қауымдастық өкілі.

Сонымен қатар, Анар Мақашева утиль алымынан түскен қаражаттың жеңілдікпен, жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру бағдарламасына жұмсалатындығына тоқталып, мұның орынды шешім екенін атап өтті.

« Өйткені, Қазақстан нарығындағы жаңа көлік сатып алуға қатысты орташа мөлшерлеме шамамен 17-25, тіпті кейбір компанияларда 40 пайызға дейін жетеді. Ал жылдық 4 пайыздық мөлшерлеме - жаңға көлік сатып алу үшін қолжетімді қаржылық бағдарлама. Бұл тіпті бөліп төлеуден де әлдеқайда жақсы»,- деді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер