АЭС құрылысына шамамен 5 млрд доллар кетеді

2574
Adyrna.kz Telegram

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов Қазақстанда АЭС салуға шамамен қанша млрдтар кететінін ашып айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Сомасына келетін болсақ. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты. Бірақ болжамды сома - осы", - деді Касенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер