Пара алу үстінде ұсталған шенеунік төрт күн ауруханада жатқан

2775
Adyrna.kz Telegram
Пара алу үстінде ұсталған Орал полициясы бастығының орынбасары төрт күн ауруханада жатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Мой город» газетінің хабарлауынша, 4 ақпанда Орал полиция басқармасы бастығының орынбасары Эдик Булатов пара алу кезінде ұсталды. Бір тәуліктен кейін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейге ҚР ҚК 366-бабы (Пара алу) бойынша айып тағылғанын түсіндірді.
 "5 ақпанда Едік Булатов уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына ауыстырылды. 8-11 ақпан аралығында Орал көпсалалы ауруханасына "үшінші сатыдағы артериялық гипертензия" диагнозымен жатқызылды", - деп түсіндірді БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Азамат Ізтілеуов.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер